×

Тоқаев «Қазақстанды Ресей құтқарып қалды» дегендерге жауап берді

Бұл жайтты саясиландыруға болмайтынын ескертті

 Еркеғали Болатұлы 15.06.2022 | 17:19
фото: soldati-russian.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында кейбіреулердің қаңтар оқиғасына қатысты орынсыз пікір айтып, «Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығады» деген сыбыс таратып жүргенін айтты.

Сонымен қатар, ол еліміздің «қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚШҰ әскерін жіберген Ресейге мәңгі қарыздар» емес екенін жеткізді.

Қазақстан Еуразиялық кеңестен шығуды жоспарлап жүр деген сыбыс – жалған. Ал ҰҚШҰ-ға келер болсақ, кейбірі «Қазақстанды Ресей құтқарып қалды, енді Қазақстан оған мәңгі қызмет етуі керек» дегенді айтып жүр. Бұл да шындыққа жанаспайды. ҰҚШҰ ұйым. Ал біз сол ұйымның белсенді қатысушысымыз. Бұл ретте Ресей емес, ҰҚШҰ екенін қадап айтамын, - деді ол.

Бұл жайтты саясиландыруға болмайтынын ескерткен президент, өзінің Мәскеуде сөйлеген сөзінде ҰҚШҰ 30 жыл ішінде Қазақстанға саны шектеулі құрамды жіберіп, өзін қалайда көрсеткенін айттым деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама