×

«Балаболды» айналаңнан ізде»: Досым Сәтпаев депутатқа жауап берді

Саясаттанушы мен депутат әлеуметтік желіде айтысып қалды

 Ая Өміртай 15.06.2022 | 13:25
фото: Досым Сәтпаев, Айдос Сарым

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым мен саясаттанушы Досым Сәтпаев әлеуметтік желіде айтысып қалды. Саясаттанушы өзін «балабол» деп атаған депутатқа жауап берді.

Депутат Айдос Сарымның саясаттанушыға қаратып Astana HUB аналитика мектебінде айтқан пікірі әлеуметтік желіде тарады.

«Досым Сәтпаев — біздің досымыз. Оның бір ғана трагедиясы бар. Өмірінде бірде-бір күн мемлекеттік қызметте жұмыс істеп көрмеген. Ол содан саналы түрде қашады. Біз Досымды мәжбүрлеуіміз керек. Өзі сынап жүрген адамдармен екі күн отырып, құжаттармен жұмыс істеп көрсін. Сол кезде оны «пацан» деуге болады, ал әзірге ол «балабол», - деген депутат.

Көп ұзамай саясаттанушы өзін «балабол» деген депутатқа жауап берді.

«Саяси ұстанымын ауыстыру шебері болған депутат менен жігітсің бе деп сұрай ма? Айдос, екеуміз үшін жігіт сөзінің мағынасы әр түрлі. Мен үшін жігіт өз ойын ашық айта алуы керек. Жігіт біреудің айтқанын істеп, ұстанымын өзгертпей, өз сөзіне жауап бере алуға тиіс. «Жігіт» бұл депутаттық төсбелгі сияқты іліп қоюға болатын медаль емес. Нақты істерге келетін болсақ, менің саясаттанушы ретіндегі жұмысым – біздің саяси жүйенің жаман жақтарын ашып қана қоймай, шара ұсыну.

Егер нағыз балаболдарды тапқың келсе, алдымен билікте жүргендерге көз сал. Сонда елді салық төлеушілердің есебінен жарқын болашаққа апарамыз деп жылдар бойы уәде беріп, мемлекетті тоқырауға ұшыратқандарды кездестіресің», - деп жазды саясаттанушы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама