×

Ықтимал мемлекеттік төңкеріс әрекетіне тап болдық – Ерлан Қарин

Мемлекет хатшысы лаңкестердің әрбір әрекеті мұқият жоспарланғанына сенімді

Ерлан Қарин, фото: sputnik.kz

Мемлекет хатшысы Ерлан Қарин соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан Қазақстан қалаларындағы наразылық акциялары туралы пікірін білдірді.  

Мемлекет хатшысының айтуынша, Қазақстанның барлық қаласында лаңкестердің әрбір әрекеті мұқият жоспарланған. Ол жағдайды тұрақтандыру жұмыстары аяқталған кезде барлық себеп пен жағдайды тергеу жұмыстары жүргізілетініне сендірді.

Ерлан Қарин бұл топтардың нақты жоспарланған үйлесімді әрекеттері деп санайды. Олардың міндеті - жағдайды жалпы тұрақсыздандыру.

Түпкі мақсатын қазір айту қиын, бірақ менің ойымша, біз жалпы тұрақсыздандыру және ықтимал мемлекеттік төңкеріс әрекетіне - Қазақстанға гибридті террористік шабуылға тап болдық. Бұрын болған оқиғалар негізінде. Біреулер барқыт революциясымен салыстырады, бірақ Қазақстанға қатысты бұл әрекеттер тиімсіз болды. Дегенмен біздің елдегі жағдай басқа және билік ұстанымы тиянақты. Олар «түрлі-түсті» революцияның классикалық үлгісі болып кетуіне жол бермес еді. Ең ақырында Қазақстанда мүлде басқа модель болды. Жағдайды тұрақсыздандырудың басқа сценарийі, радикал және террористік топтарды қолдану арқылы болды, - деді Қарин. 

Еске салайық, 5 қаңтарда Ерлан Қарин ҚР Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылып, ҚР мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама