×

Бағаның өсуі Қазақстан үшін жақсы – экономист Сапарбай Жобаев

Сарапшы азық-түлік бағасының шарықтауы, әлеуметтік осал топтар жайлы

 Ербол Тұрымбет 03.06.2022 | 14:29

Ресми дерек бойынша, елімізде қазір инфляция - 14%. Оның ішінде азық-түлік инфляциясы 19%-ға жеткен. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы былтырдан бері 34% өскен. Оның ішінде күнбағыс майы - 56%, дәнді-дақылдар - 34%, сүт өнімдері 23,6%-ға қымбаттады.

Экономист Сапарбай Жобаевтың айтуынша, әлемде баға 35-40% өсіп жатыр. Әлемдік инфляция 2-3% болуы мүмкін. АҚШ-та биыл 7%-ға шықты, ол бұрын-соңды болмаған құбылыс.

«Біз сол азық-түлікті экспорттаушы мемлекет болғаннан кейін бағаның өсуі гуманистік тұрғыдан жақсы емес шығар, дегенмен Қазақстан үшін жақсы нәрсе. Біз оны шектемеуіміз керек. Еттің, өсімдіктің бағасы өссін. Сонда біздің ауылдағы халықтың көсегесі көгереді», - дейді экономист.

Сарапшы қымбатшылықтан бірінші болып зардап шегетін елдегі 10-12% әлеуметтік осал топтың мәселесін шешудің жолын айтты. Айтуынша, өркениетті мемлекеттерде бұл мәселе осыдан 100-200 жыл бұрын шешіліп қойған.

«Мәселен, электр энергиясын айталық. Соның өзіндік құны мен қосымша пайда табу құнының бағасын қояды да, содан түскен салықты, яғни базар нарқын 90% адам 11 теңгеден емес, 13 теңгеден төлейді. Сонда мысалға алып қарасақ, астаналықтар 11 теңгенің орнына 13 теңгеден төлесе, үстінде 2 теңге пайда түседі. Оны электр өндіруші салығына төлейді. Қалғанының есебінен біз жаңағы 10-12% әлеуметтік осал топтарға жәрдем беруге мүмкіндігіміз болады», - дейді спикер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама