×

Біртанов пен Әбішев соты: Аудармашы сот процесіне қатысудан бас тартты

Экс-министр сот прокурорға айыптауды жариялауға мүмкіндік беруі мүмкін деп күдіктенеді

 Айнұр Шошаева 03.06.2022 | 11:32
Сот отырысы, фото: tengrinews.kz

Аудармашы экс-министр Елжан Біртанов пен орынбасары Олжас Әбішевтің ісі бойынша сот отырысына қатысудан бас тартты. Оған сот процесіне қатысушылардың аудармашының кәсіби қызметіне қатысты қойған сұрақтары негіз болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Сот отырысы аяқталды, онда мені және Олжас Әбішевті айыптайтын «қылмыстың» бетін ашатын іс материалдарынан бірқатар маңызды құжаттарды аудару үшін аудармашы тағайындау жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, сот аудармашыны тағайындай алмады. Өйткені қатысушылар оның кәсіби қызметі туралы сұрақтар қойғаннан кейін ол процеске қатысудан бас тартты», - деді Елжан Біртанов.

Біртановтың айтуынша, сот әлі күнге дейін АФМ мен Бас прокуратураның олардың ісі бойынша іс жүргізу кезінде жіберілген Қылмыстық іс жүргізу кодексінденің елеулі бұзушылықтарын жоюға тырысып жатыр.

«Егер бұл органдар заң талап еткендей, істің барлық материалын толығымен аудару, зерттеу және бағалау міндеттілігі туралы соттардың бұған дейін шыққан қаулыларын орындаса, оған жол бермеуге болады. Нәтижесінде, судья Әлкенов 9 маусымда сағат 10:00-де сот отырысы басталып, аудармашы тағайындалады деп шешті. Содан кейін (ағылшын тілінен аударылуға тиіс құжаттардың мәнін зерттемей) бізге өтініш білдіруге мүмкіндік беріледі. Заң бойынша біздің өтініштерімізді істің барлық материалымен танысқаннан кейін тергеу органы және қажет болған жағдайда қадағалау органы қарауы тиіс», - деп толықтырды экс-министр.

Сонымен бірге ол 9 маусымда сот прокурорға айыптауды жариялауға мүмкіндік беруі мүмкін деп күдіктенеді.

«Сот процестің барлық қатысушылары, соның ішінде прокурорлардың өздері іс бойынша маңызды құжаттармен әлі таныспағанымызға қарамастан, прокурорға айыптауды жариялауға мүмкіндік береді. Яғни, мемлекеттік айыптаушы Олжас Әбішев екеумізді істің барлық материалын, әсіресе келісімшарт бойынша барлық жұмыстардың орындалуын растайтын, яғни қылмыс құрамының жоқтығын көрсететін платформаның техникалық жай-күйі актілерін зерттемей-ақ айыптайтын болады», - дейді Елжан Біртанов.

Еске сала кетейік, 26 мамырда елордада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі бойынша басты сот отырысы басталған болатын. Сол отырыста айыпталушы тараптың қорғаушылары мемлекеттік айыптаушы мен судьядан бас тарту туралы өтініш берді. Алайда алғашқы отырыстағы үш бірдей өтініш қанағаттандырылмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама