×

Ұрлық жасаған 15 мың адам қылмысқа жұмыссыздықтан барған – Бас прокурордың көмекшісі

Ерлан Алмазұлы Қаңтар оқиғасынан кейін ұрлық көбейгенін айтты

 Халық үні 12.03.2024 | 16:57

2023 жылы құқықбұзушылықтардың 31,2%-ын ұрлық фактісі құраған. Ұрлық жасаған 18 мың адамның 15 мыңы қылмысқа жұмыссыздықтан барған. Бұл мәліметті ҚР Бас прокурорының көмекшісі Ерлан Алмазұлы айтты.  

2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін ұрлық көбейді. Қылмыскерлер арасында ер адамдар да, әйелдер де, балалар да бар. Мемлекеттің қаржысын жымқырған мемлекеттік қызметкерлер де кездеседі, - дейді Ерлан Алмазұлы.

Астана қалалық қылмыстыр істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мекемтас Қажымұқанұлы ұрылардың заманға бейімделгенін, сәйкесінше, көп қылмысты ашуға ақпараттық технологиялардың себі тиіп отырғанын айтты.

Жақында бір істі қарадық. Егер ауладағы бейнекамера болмағанда ұры табылмайтын еді. Пәтерді тонағандар басқа қаладан келген. Бейнекамераға олар мінген таксидің нөмірі түсіп қалған. Құқық қорғау өкілдері алдымен такси жүргізушісін тапқан. Ал қылмыскерлер оған банк қосымшасы арқылы ақша жіберген. Сол нөмір арқылы пәтер тонағандар да анықталды, - дейді Астана қалалық қылмыстыр істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мекемтас Қажымұқанұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама