×

Бас прокуратура Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді

Істе мемлекеттік құпия бар

 Дәурен Ерболат 28.02.2024 | 12:40
фото: kapital.kz

Бүгінде ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Қазақстанда жүр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғаған болатын. 

Мен тек істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы болуы мүмкін, - деді Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ ол қылмыстық істе мемлекеттік құпия барын атап өтті.

Еске сала кетсек, Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама