×

Америкалық журнал туристерге Қазақстанда демалуға кеңес берді

Автор елімізді «131 ұлт өкілі тұратын көп мәдениетті мемлекет» деп атаған

 Еркеғали Болатұлы 21.02.2024 | 15:55
фото: bangkokbook.ru

Американың Travel Leisure журналы туристерге Қазақстанда демалу туралы кеңес жариялады. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады.

Автор ең алдымен елімізді «131 ұлт өкілі тұратын көп мәдениетті мемлекет» деп атаған. Содан кейін Қазақстанға сапарды Астанадан бастауды ұсынып, мұндағы Ұлттық музейге, Опера театрына, Хан Шатырдағы Sky Beach клубына баруға кеңес берген.

Одан әрі журналист саяхатшыларды екі күнді Шымкент пен оның төңірегінде, соның ішінде Ақсу шатқалында өткізуге шақырған.

Америкалық тілші сапарының төртінші күнін Түркістанда өткізіп, бесінші және алтыншы күндерін Алматыға арнаған.

Сондай-ақ ол Көктөбедегі аспалы жолды және Үлкен Алматы көлін тамашалауға тұрарлық жерлер деп сипаттапты.

Сөз соңында 7 күндік сапарды Шарын шатқалында аяқтау ұсынылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама