×

Тоқаев ауқымды домбыра сабағын өткізген мәдениет қайраткеріне алғыс айтты

Сабаққа мыңнан астам оқушы қатысқан еді

 Қымбат Елтайқызы 27.05.2022 | 17:00
фото: nis.edu.kz

Мемлекет басшысы мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғысын білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен ауқымды домбыра сабағын өткізген Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады.

«Халық мұрасын насихаттау және үйрету ісіне бел шеше кірісіп, көпшілікке белгісіз туындыларды нотаға түсіріп, олардың авторларын анықтауға атсалысып келесіз. Сан жылғы зерттеу жұмыстарыңыздың нәтижесі іспетті еңбектеріңіз қазір музыка мектептері мен оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып жүр. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің мыңнан астам оқушысы қатысқан домбыра сабағыңыз өскелең ұрпақтың ұлттық күй өнеріне қызығушылығын арттырып, білімін тереңдеткен маңызды шаралардың бірі болды. Ұлттық өнерді ұлықтауға бағытталған бұл мәдени іс-шара Гиннес рекордтар кітабына енеді деп сенемін», – делінген президент алғыс хатында.

Бұған дейін мыңнан астам жас домбырашының күй шерткені жайлы хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама