×

Танымал шабандоз қазақтың балалары әлемдік бәйгелерде шабу үшін не істеу керектігін айтты

Менің артымнан еліктеп жатқан балалар көп

 Халық үні 07.02.2024 | 22:22

Әлемге танымал жокей, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бауыржан Мырзабаев ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының YouTube арнасына сұхбат беріп, қазақтың балалары әлемдік бәйгелерде шабу үшін не істеу керектігін айтты. 

Оның айтуынша, бізде бәйгеге шауып жатқан балалар ешкімге керек болмай 13-14 жасынан кейін қалып қойып жатыр.

Біріншіден, ол балаларға ат спортын көтеруіміз керек. Одан кейін жокейлер мектебі болуы қажет. Әр баланы шетелге алып шыға алмайсың ғой, солардың ішінен іріктеу жасап, жақсыларын шетелге алып шығаруға болады. 

Оның бәрінің визасы бар, тағы басқасы бар, үкімет бір бағдарлама ашып, жолдама болса балалардың көбісіне шетелге шығуға оңай болады. Менің артымнан еліктеп жатқан балалар көп, барғысы келетіндер де көп. Бірақ ол жаққа жетудің де өзі оңай емес, - дейді шабандоз.

Айта кетейік, Бауыржан Мырзабаев Жетісу өңіріндегі алақандай Кербұлақ ауданында туып, әлемді мойындатты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама