×

Майқайыңдағы апат: шетелден көмек тартыла ма?

Шұңқырға құлаған 2 адам әлі табылмай жатыр

 Дәурен Ерболат 07.02.2024 | 13:58
фото: Павлодар облысы ТЖД

Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысында құтқарушыларды іздестіруге шетелден көмек сұраудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Майқайыңға халықаралық құтқарушыларды шақырудың қажеті жоқ. Себебі тәжірибеде мұндай болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі шұңқырға құлап кеткен өз әріптестерін құтқару үшін бар күш-жігерін салды. Жұмысшылары қаза тапқан ұйым да қолдан келгеннің бәрін жасады, - деді Роман Скляр Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң. 

Айта кетейік, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ аумағында 4 адам отырған автобус опырылған шұңқырға құлап кеткен еді. Салдарынан 2 құтқарушы көз жұмды, қалған 2 адам (1 құтқарушы, 1 жүргізуші) әлі табылмай жатыр.

Бір айдан соң аталған кен орнында құтқарушылар мен мамандардың өміріне қауіп төнуіне байланысты іздестіру-құтқару жұмысы тоқтатылған еді. Бүгін жұмыс қайта жанданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама