×

Донорларға арналған төлемді 5 есе көтеру керек – сенатор

Бұған қосымша бюджеттен 848 млн теңге керек

 Дәурен Ерболат 25.01.2024 | 14:45
фото: zp-news.ru

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Қазақстанда донорларға арналған төлемді 5 есе көтеріп, шамамен 5 мың теңгеге жеткізуді ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутаттың айтуынша, елімізде жыл сайын 250 мыңға жуық адам донор болады. 

Оның тек 47%-ы тұрақты донор саналады. Донор болған адам қан бергеннен кейін ағзаның энергия шығынының деңгейін толтыруы керек. Ол үшін донорларға арнайы төлем – 0,25 АЕК (923 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) төленеді. Бұл сома адам ағзасындағы микроэлементтер мен калорияға деген қажет деңгейді қалпына келтіру және анемияның алдын алуға тым жеткіліксіз, - деді Ақмарал Әлназарова Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатордың пікірінше, сондықтан донорларға арналған төлемді 5 есе көтеру керек. 

Ерікті донорлардың денсаулығы тиісті түрдегі қолдауды қажет етеді. Ұсыныстарға сәйкес, донор қан тапсырған күні анемияның алдын алу үшін тиісті рационда тамақтанып, жоғалтқан килокалория мен микроэлементтердің орнын толтыруы керек.

Қазір қан доноры қан берген кездегі күш-қуаты шығынының өтемақысы ретінде 0,25 АЕК (923 теңге) алады. Бұл мәселе 10 жыл бойы бірнеше рет көтерілсе де оған назар аударылмай келеді. Осы ретте Үкіметтен донорларға өтемақыны 0,25-тен 1,25 АЕК-ке (4 615 теңге) дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұраймын. Қосымша бюджет қаражаты жылына – 848 млн теңге», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама