×

«Әке сізді ұмытып барамын» - Қайрат Құдайберген тағы хат жазды

Ол 5 жастағы ұлының сөздері ауыр тиді дейді

 Дастан Жұмабекұлы 25.05.2022 | 12:00
фото: baribar.kz

Қаңтар айында Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған деген күдікке ілініп, қамауда отырған  кәсіпкер Қайрат Құдайберген әділдікті талап етіп хат жазды.

Оның хаты Facebook әлеуметтік желісінде жарияланды.

Ол хатта осы кезге дейін көп адамнан көп сөздің естігенін, алайда өзіне қатысты қаншама сын айтылса да басын жерге түсірмей, табысты болып, үлкен жетістіктерге жеткенін айтты.

«Мен өмірде көп ауыр сөз естідім. Маған мұғалімім «Өмірде ештеңеге істей алмайсың!», деген болатын. Ал ҰБТ-дағы қабылдау комиссиясының мүшесі: «Сен тиісті балды жинамадың...»,  деп маған сенімсіздік білдіргені есімде. 2008 жылғы дағдарыста менің банкирім: «Сен банкротсың!», деді. Бұл өте ауыр сөз болды. Тағы бірде жақын адамның анасы: «Енді бізбен бірге сенің досың жоқ», - деген де еді.

Менің өмірімде мұндай сөздер көп болды. Бірақ тұтқындалғанымның 30-күні тергеушілер қолыма кісен салып алып бара жатқанда, баспалдақтың жанында 5 жастағы ұлым Қасымханнан  естіген сөздер мен үшін ең ауыры болды...», - деді ол.

Оның айтуынша, баласының сөзі сүйектен өтіп, әлі күнге дейін құлағында күннің күркіреуі сияқты естіледі.

«Әке, сізді ұмытып барамын. Мен сені көптен бері көрмедім...», – дегенде ішім астаң-кестең болып, жарылып кете жаздады. Бірақ, сол кезде бір нәрсе күшейе түсті. Біздің мемлекетімізде болатын ең ұят нәрсе, ол кінәсіз адамды түрмеге жабудан басқа, қысым көрсету үшін балалары мен әйелімен кездесуіне рұқсат бермеу. Әрине, ол жақтағылардың бәрі ондай емес, арасында абыройды ойлайтын адамдар да бар. Бүгін маған керегі тек әділ сот!», — деп жазды кәсіпкер.

Сөзінің сөзінда ол:  «2 маусымда ұлым Қасымхан 6 жасқа толады. Алайда, мына әділетсіз жүйенің кесірінен оны көруім де,  тіпті құттықтауым да екіталай» - деді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама