×

«Астанада киіктерді қорғаған азаматтарға ескерткіш керек» - эколог

Ол замануи дизайнда, мән-мағынасы бар үлгіде жасалады

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2022 | 14:48
фото: Оспан Әлі

Белгілі эколог Сәкен Ділдахмет астанадағы Ботаникалық саябақта киіктерді қорғап жүрген азаматтардың құрметіне ескерткішті краундфандинг жолымен орнатуды ұсынды.

«Құрметті достар!

Сіздерге бір бұйымтайым бар. Еліміздің батыр азаматы Ерлан Нұрғалиевтің және осы салада қаза тапқан басқа да инспекторлардың, қазақ даласының саф алтыны ақбөкенді қорғап жүрген бүгінгі инспекторлардың құрметіне ескерткішті краундфандинг жолымен құрсақ деген ұсынысым бар.

Ескерткіш замануи дизайнда, мән-мағынасы бар үлгіде жасалатын болады.

Орнатылатын орны ретінде астанамыздың Ботаникалық бағын ұсынамын. Оған әкімдік пен Экология министрлігі қолдау білдіреді деген үміттемін.

Арамызда жомарт меценат кісілер қолдау білдіремін десе, мархабат!», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама