×

Түрікменстан Жаңа жылды «мұсылманға жат мейрам» ретінде тойламауға кіріскен

Базарларда шошқа етін сатуға да шектеу қойып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 24.12.2023 | 16:16
фото: Меретдурды Розыев

Түрікменстанда балабақшалар мен мектептерде жаңа жылдық кештер өткізілмейді. Сондай-ақ жергілікті хәкімліктер әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдына шырша орнатуға рұқсат бермейді. Бұл туралы hronikatm.com хабарлады.

Үкімет өкілдері жаңа ережелерге қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Биыл Түрікменстанда жаңа жыл кезінде діни ағымдар күшейе бастаған. Имамдар мешіт жамағаттарын «мұсылмандарға жат мейрамды тойламауға» үгіттеп, базарларда шошқа етін сатуға шектеу қойып жатыр. Сондай-ақ департамент ғимараттарының алдына орнатылған жаңажылдық шыршаларды жинап тастады. Ал былтыр, керісінше, ғимараттың ішіне және сыртына екі шырша орнатуға бұйрық берілген, - деп жазды Түрікменстан шежіресі.

Дегенмен қазір ел халқы Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Саудагерлердің айтуынша, полицейлер 31 желтоқсанда кешкі сағат 22:00-ден кейін ішімдік сатуға тыйым салынатынын ескерткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама