×

Қазақстан алаштың әділеттілік пен азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды – Әлихан Смайылов

Премьер-министр қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

 Динара Амантай 16.12.2023 | 11:08
Фото: tirshilik-tynysy.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің шын мәніндегі басты мемлекеттік мерекесі. Өйткені қажырлы күрес пен жанкешті еңбектің арқасында қолымыз жеткен тәуелсіздік – көздің қарашығындай қорғалуға тиіс қастерлі құндылық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясат тәуелсіздік тұғырын нығайтуға бағытталған. Шынайы жаңғыру жолына қадам басқан Қазақстан алаштың әділеттілік пен азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды. Сондықтан біздің болашақ ұрпақ алдындағы басты парызымыз – осынау баға жетпес байлығымызды сақтап, ел ырысын еселей түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Мерейлі мерекеде баршаңызға ашық аспан, мықты денсаулық, табыс және амандық тілеймін! – деді премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама