×

Қырғыздардың жаңа мемлекеттік туға да көңілі толмай жатыр

Тудағы күн күнбағысқа ұқсайды, - деді Жогорку Кенештің төрағасы Нурланбек Шакиев

 Дастан Жұмабекұлы 01.12.2023 | 14:46
Фото: kg.akipress.org

Қырғызстанда мемлекеттік туды өзгерту мәселесі әлі қаралып жатыр, деп хабарлады 24.kg.

Қыркүйек айында Жогорку Кенештің төрағасы Нурланбек Шакиев пен депутат Улан Примов тудың ортасында бейнеленген күннің күнбағысқа ұқсайтынын айтып, оны нұр шашқан күн етіп өзгертуді ұсынған болатын.

Ел президенті Садыр Жапаров та осы ұсынысты қолдаған. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев те тудағы күннің суретін өзгерту керектігін айтқан. Алайда Қырғызстан Үкіметінің кейбір мүшелері мемлекеттік туды өзгертуге қарсы шығып жатыр. Оларға БАҚ өкілдері де қосылды. Халық әлеуметтік желіде де қарсылық білдірді.

Енді мемлекеттік туды өзгерту мәселесі қайтып Жогорку Кенеште талқыланады. Бұған дейін Парламент қабырғасында 66 депутат туды өзгертуді қолдап, дауыс берген еді. 8 депутат жаңа тудың түріне қарсы шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама