×

Димаш Құдайбергенге Чилидегі ең танымал телебағдарламаның 1 сағаты арналды

Алғаш рет ондағы беделді медиатұлға Хулио Сезар Димашты өзінің «Бұл Bío Bío радиосында естілуі керек» радиобағдарламасында таныстырған

 Еркеғали Болатұлы 16.11.2023 | 11:44
фото: дереккөз

Чилидің танымал журналисі Хулио Сезар Родригес бағдарламаны тағы да Димаш Құдайбергенге арнады. Ол белгілі Chilevisión телеарнасында көрсетілген. Бұл туралы Dimash.news порталы хабарлады.

Айта кетсек, «Viva la morning» («Қайырлы таң болсын!») – Чилидегі ең көп қаралатын бағдарлама. Оның жүргізушісі Хулио Сезар Родригес бір сағаттан астам уақыт бойы Димаш пен оның шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, қазақстандық әншінің танымал қойылымдарын көрсетіп, вокалдық қабілетін де атап өтті.

Алғаш рет Чилидегі ең беделді медиатұлға Хулио Сезар Димашты өзінің «Podría ser on Radio Bío Bío» («Бұл Bío Bío радиосында естілуі керек») радиобағдарламасында таныстырған еді.

Димаштың Dears Dimash Chile Difusion Team фан-клубына сұхбат берген журналист қазақстандық әртістің Чилиде жанкүйерлері көп екенін және оның сол елге барып, концерт бергенін қалайтынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама