×

Месси мансабын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

Қай кезге дейін ойнайтынымды білмеймін, - деді әлем чемпионы

 Дастан Жұмабекұлы 07.11.2023 | 16:17
Фото: Al Bello

Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы, әлем чемпионы Лионель Месси мансабын қашан аяқтайтынын айтты.

Бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын, мен бүгінгі күнмен өмір сүргім келеді. Болашағыма құмалақ ашпаймын. Физикалық тұрғыда қазір менде бәрі жақсы. Әлі қанша ойнайтынымды нақты айта алмаймын. Денсаулығым келсе, алаңға шыға беремін, – деді Месси Marca ақпарат құралына.

Бұған дейін де ол әзірше футболмен қоштаспайтынын, одан тек ләззат алғысы келетінін айтқан болатын.

Шынын айтқанда, әлі де мансабымды аяқтау туралы ойламаймын. Маған жаттығу жасап, алаңға шығып, футбол ойнаған ұнайды. Қай кезге дейін ойнайтынымды білмеймін. Бірақ көбірек футбол ойнағым келеді. Қазір, ең бастысы, футболдан ләззат алғым келеді, – деді Лионель Лионель Месси TyC Sports-ке берген сұхбатында.

Айта кетсек, ол биылғы жаздан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнайды. Аз ғана уақытта америкалық клубтың үздік сұрмергендерінің үштігіне кірген. Оның «Интер Майамимен» келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама