×

Қазақстандықтардың қаншасы қай дінді ұстанатыны туралы дерек шықты

Респонденттердің 11%-ы қандай да бір дінге қатысын көрсетуден бас тартқан

 Еркеғали Болатұлы 02.11.2023 | 11:30
фото: e-history.kz

Қазақстандықтардың 70 пайызға жуығы ислам дінін ұстанады. Мұндай дерек Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша халықтың ұлттық құрамы жөніндегі тақырыптық жинақта келтірілген.

Соңғы екі санақ аралығындағы кезеңде исламды ұстанатын халықтың үлесі қатты өзгерген жоқ – 69,3%, христиан діні – 17,2%, буддизм мен иудаизм – 0,1%, – делінген Ұлттық статистика бюросының Telegram арнасына бүгін жарияланған хабарламада.

Статистика бойынша, еш дінге сенбейтіндердің үлесі 2,8%-дан 2021 жылы 2,3%-ға дейін төмендеген.

«Санақ қорытындысы бойынша респонденттердің 11%-ы қандай да бір дінге қатысын көрсетуден бас тартқан. 2009 жылғы санақ кезінде мұндай бас тартқандардың үлесі 0,5% болған», – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросының мамандары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама