×

Израиль-ХАМАС соғысын тоқтатуды Қазақстан да қолдап, АҚШ бастаған 14 ел қарсы шықты

БҰҰ ассамблеясында резолюция қабылдау туралы ұсынысты араб елдері білдірген

 Еркеғали Болатұлы 29.10.2023 | 09:44
фото: bangkokbook.ru

БҰҰ Бас ассамблеясы Газа секторы мен Израильге қатысты резолюция қабылдады.

28 қазанда БҰҰ Бас ассамблеясында Қазақстан өзге 119 елмен бірге Израиль және ХАМАС арасындағы қақтығыс аумағында атысты тоқтатуға дауыс берді. Дауыс берушілер саны басым болғандықтан, атысты тоқтату туралы шешім қабылданды.

БҰҰ ассамблеясында резолюция қабылдау туралы ұсынысты араб елдері білдірген. 12 ел құжатты қолдап, Израиль мен АҚШ бастаған 14 ел қарсы болды. Тағы 45 ел дауыс беруден бас тартты.

Резолюцияға қарсы болған елдер қатарында Австрия, Хорватия, Чехия, Гватемала, Венгрия, Маршаллов аралдары, Микронезия, Науру, Папуа-Жаңа Гвинея, Парагвай, Тонга мен АҚШ бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама