×

Қазақстан шенеуніктері ресейлік бастамаларды көшіріп алып жүр - сарапшылар

Тек қана «РФ» сөзін «ҚР» деп ауыстырады, – дейді олар

 Еркеғали Болатұлы 25.10.2023 | 10:49
фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Қазақстандық шенеуніктер Ресей саясаткерлерінің бастамаларын көшіріп жүр. Бұл туралы Desht сарапшылары мәлімдеді.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей билігі соңғы онжылдықта экономикалық саясатта «қате бұрылыс» жасап, фаворитизм, мемлекеттік капитализм, бюрократия және шектен тыс реттеу күшейген.

Ал қазақстандық бюрократия мұның барлығын көшіреді. Импортты алмастыру, «қарапайым заттардың экономикасы» және «ұлттық жобалардан» кішігірім бастамаларға дейін. Кейбір мемлекеттік құжаттарда олар ресейлік стратегиялардың мәтінін толығымен көшіріп қоя салады. Тек қана «РФ» сөзін «ҚР» деп ауыстырады, – дейді сарапшылар.

Мысал ретінде олар біздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен салық органдарының курьерлер мен такси жүргізушілерінің табысын заңдастыру жөніндегі соңғы ұсыныстары мен Ресей шенеуніктерінің 5 ай бұрын жарияланған осыған ұқсас ұсыныстарын салыстырып көрсеткен.

Бір ерекшелік, Ресейде қолма-қол ақшаға төлемдерді бекіту мәселесі әлі де бар. Ал Қазақстанда финтех индустриясындағы дамудың арқасында бұл мәселе жоқ. Әйтпесе, ұсыныстар бірдей. Екі жақта да сандық платформалардан «әлеуметтік сақтандыруды» талап етеді. Сонымен қатар, екі жақ та «Цифрлық платформалар тізілімін» жасамақ. Бәрі ұқсас, – дейді сарапшылар.

Сондай-ақ олар шенеуніктерді қазақстандық шындыққа негізделген тәуелсіз экономикалық саясат қалыптастыруға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама