×

«Ол – менде ғана бар атақ»: Мұрат Құсайынов Димаштың «қайраткер» атанғанына қарсы

Ол үшін әнші көп еңбектенуі керек

 Еркеғали Болатұлы 17.05.2022 | 12:28
фото: ашық дереккөз

«Дос-Мұқасан» ансамбілінің негізін қалаушы әнші, композитор Мұрат Құсайынов «Менің өмірім» бағдарламасында Димаш Құдайбергеннің атақ алуына әлі ерте екенін айтты.

«Димашты 16 жасынан танимын. Кезінде «Даусың, талантың бар, сен оқып ал, сахнаға шығуға асықпа» деп айтқаным рас. Талай жарыста әділқазы болып, өнерін бағаладым. Елордада бір жарыста бас жүлдені бердік. Кейін Қытайда табысты болып оралды. Атағы тарады. Қытай жалпы айқай-шуды, шыңғырғанды жақсы көретін халық. Не дегенмен, Димаш табыспен оралды. Мен оның таланты барын мойындаймын», - деді Мұрат Құсайынов.

Айтуынша, онымен арнайы комиссия құрып, Мәдениет және спорт министрлігі жұмыс істеуі керек. Бірақ министрлік тарапынан әзірге ондай ешнәрсе байқалмайды. Жас таланттарды қолдау жағы әлі де кемшін.

«Димаш, Максим секілді өнерпаздармен арнайы бағдарлама дайындау керек. Бірақ мен жас әншілердің атақты оңай алғанына қарсымын. Димашқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ол – менде ғана бар атақ. Оны қазір бәріне бере беретін болды. Атақтың құны қалмай бара жатқандай. Ол үшін әнші көп еңбектенуі керек қой», – дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама