×

Күйеуім қазақ тілін жетік біледі – Түркияның мәдениет министрлігінде жұмыс істейтін қобызшы

Ләззат Мулазимоглу Анкарадағы «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамын басқарады

 Айгерім Таубай 17.10.2023 | 12:00
Фото: Halyq Uni

Түркияда домбыра мен шаңқобызға деген қызығушылық жоғары. Бұл туралы 20 жылдан бері Түркияда мемлекеттік қызмет атқарып жүрген Ләззат Мулазимоглу айтты.

Ләззат Мулазимоглу – Анкарадағы қазақтар бірлесіп құрған «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамы төрағасы.

Жетісу өңірінде туып-өстім. 1992 жылы оқуымды әрі қарай жалғастыру үшін Түркияға кеттім. Содан бері 31 жыл өтті. Қазір Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінде түркітілдес халықтардың ән-би оркестрінде қобызшымын. 20 жылдан аса уақыттан бері мемлекеттік қызмет атқарамын, - дейді Ләззат Мулазимоглу.

Айтуынша, қажеттілік болса Қазақстанға оралуға дайын. Оған барлық мүмкіндік бар.

Мен үшін Қазақстанға оралу қиын емес. Қашан қаласам, өз жеріме оралуға дайынмын. Оған барлық мүмкіндік бар, қиындық жоқ. Жұмыс бабы бар, екінші жағынан отбасыммен бірге Анкарада тұрамын. Жасымыз келгенде, зейнетке шыққанда қайта келуіме де болады. Күйеуім – Түркия азаматы. Қазақ тілін жетік біледі. Қазақтың мәдениетін, өнерін, тарихын өте жақсы біледі. Қазақстанға тіпті менен де жиі келеді. Ол да Қазақстанда тұрғысы келеді, - дейді ол.

Айтуынша, оркестр болып Қазақстанға бірнеше рет келген. Қарағанды, Алматы, Астана қаласында концерт өткізген.

Ал Анкарадағы «Көк ту» қоғамы шетелде қазақтың өнерін, салт-дәстүрін дәріптейді.

Түріктерге қазақ тілін, домбыра тартуды үйретеміз. Қазақ тілін үйрену, Қазақстанды білу және тану, домбыра, шаңқобызға деген қызығушылық жоғары, - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама