×

«Қауіпті және қарулы»: ҚАЖК түрмеден қашқандар туралы хабарламаға түсінік берді

Толық ақпарат кейін жарияланады

 Еркеғали Болатұлы 13.10.2023 | 12:15
фото: Halyq Uni

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тұтқындардың жаппай қашуы туралы хабарламаларға түсінік берді.

Әлеуметтік желіде ер адамдардың бас бостандығынан айыру орындарынан қашқаны туралы ақпарат тарады.

Мына тұлғалар қылмыскерлер. Олар бас бостандығынан айыру орындарынан қашып кетті. Өздеріңізді және жақын адамдарыңызды қорғаңыздар! Барлық достарыңызға мүмкіндігінше хабар беріңіздер! Олар бейқам емес, қауіпті және қарулы. Ешқандай әрекет жасамаңыз! 102 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген хабарламада.

ҚАЖК баспасөз қызметі бұл хабарламаның жалған екенін айтып, толығырақ ақпаратты кейінірек беруді уәде етті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама