×

Бас бапкер Шымбергеновтің жеңілісіне қатысты пікірін айтты

Мырзағали Айтжанов қазақстандық боксшының үш раунд бойы үстем болғанын айтты

 Еркеғали Болатұлы 03.10.2023 | 16:40
фото: bugin.kz

Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Асланбек Азиада жартылай финалында жеңілген Асыланбек Шымбергеновтің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Бас жаттықтырушы біздің боксшыға жеңісті бермегеніне күйінді.

Шағым алынбайды. Жақсы дайындалып шықты. Әлем чемпионы ол да, оны да өлтіріп тастай алмайды ғой. Бірақ үш раунд бойы жақсы жекпе-жек өткізді. Жеңісті бермеді. Амал жоқ, - деді бас бапкер.

Айта кетейік, 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асланбек Шымбергенов бүгін төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жапон боксшысы Севон Окадзаваға есе жіберген еді.

Енді бүгін тағы бір қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Астана уақытымен сағат 19:00-де жұдырықтасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама