×

Елордада баспананың қымбаттауына негіз жоқ – Шарлапаев

Ипотекаға сұраныс азайған

 Дәурен Ерболат 19.09.2023 | 14:15
фото: Halyq Uni

Бүгінде Астанада пәтер бағасының өсуіне техникалық негіз жоқ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Менің ойымша, инфляциялық қысым төмендеп жатыр. Ипотеканы қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар көлемінің төмендеуіне байланысты сұраныс баяулады. Осыған байланысты біз Астанада тұрғын үй бағасының өсуіне негіз болатын техникалық алғышарттарды әлі көрмедік, - деді министр Үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Қазақстанда инфляцияның бәсеңдегені хабарланған еді.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде жаңадан салынған баспана қымбаттап жатыр. Нарықтағы баға бір жылда 4,4% өскен.

Бүгінде жаңа пәтердің бір шаршы метрі – 486 мың теңге, ал былтыр күзде 426 мың теңге болған.

Үй бағасы Ақтау қаласында айтарлықтай қымбаттаған – 18%. Одан кейінгі тізімде Семей және Павлодар қалалары тұр. Қазір ең қымбат баспана Астанада. Мұнда жаңа пәтердің шаршы метрі – 587 мың теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама