×

Шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатына неге қатыспағанын айтты

Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбекова ел намысын қорғады

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2023 | 09:29
Фото: the-steppe.com

Шахматшы Жансая Әбдімәлік Польшаның Быдгош қаласында өткен командалық әлем чемпионатына неге қатыспағанын айтты.

Ол әлеуметтік желіде оқырманның бірінің: «Командада сіз неге болмадыңыз?» - деген сұрағына «Қыздар жарады, мен жастарға орнымды бердім», – деп қысқаша жауап берді.

Жансая Әбдімәлік сәуір айында тұрмысқа шыққан болатын. Оның жұбайы – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған 34 жастағы Нұрахмет Нұриев. Инстаграмда шахматшы үйлену тойының әлі болмағаны туралы да айта кеткен.

Қазақстан құрама командасы биылғы әлем чемпионатында күміс жүлде алды. Ұлттық құрама екінші орынға ие болып, тарихи жетістікке жетті. Польшадағы әлемдік додада құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова мен Әмина Қайырбекова ел намысын қорғады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та шахматшы қыздарды арнайы құттықтап, жеңіс тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама