×

Тамара Дүйсенова тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылық» туралы: «Елдің имиджіне өзіміз жауаптымыз»

Бұған дейін жәрмеңкеде құқық бұзған азаматтардың жауапқа тартылатыны айтылды

 Дәурен Ерболат 29.08.2023 | 12:08
фото: akorda.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанада өткен тәжік жәрмеңкесіндегі «жабайылыққа» қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жәрмеңкеде болған барлық қазақстандық өзін солай ұстамады. Белгілі бір адамдар тобы өзін басқаша ұстады. Сондықтан біз өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Мұнай іс-әрекеттер басқа елдерде де кездеседі. Біз – қазақстандықтар ретінде өз имиджімізге жауап береміз, - деді вице-премьер Үкімет отырысынан соң.

26 тамызда Қазақстандағы Тәжікстанның мәдени күндері аясында Астанада ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 300-ден аса тәжік кәсіпорны мың тоннадан аса өнім жеткізген-ді.

Бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек демалыс күндері EXPO алаңында Тәжікстанның мәдениет күндері аясында ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп өнімдеріне және ұлттық қолөнеріне арналған көрме-жәрмеңкеде кейбір қала тұрғындарының «жабайы» әрекетін сынап, пікір білдірді.

Әкімнің айтуынша, полицияға вандализм әрекетін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылған. Құқық бұзған азаматтар жауапқа тартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама