×

Қырғызстан Украинамен соғыста Ресейді қолдау керек – Асқар Ақаев

Қазір Қырғыз Республикасы бейтарап саясат ұстанып келеді

 Дастан Жұмабекұлы 28.08.2023 | 09:56
Фото: iz.ru

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Асқар Ақаев Қырғызстанға Украинамен соғыста Ресейді қолдау керектігін айтты.

Ол Russia today телеарнасына берген сұхбатында Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы 30 жылдан бері саяси және экономикалық салада одақтас болып келе жатқанын, сондықтан екі ел бір-бірімен тығыз қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, бір-біріне қолдау көрсетуі керектігін мәлімдеді.

Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі және Ресейдің Еуразиялық экономикалық одақтағы одақтасы ретінде оны Украинамен соғыста қолдауы керек. Қазір Ресейге қолдау да, көмек те қажет. Біз қиын кезде Ресейдің жанынан табылып, одақтас екенімізді көрсетуге тиіспіз, – деді ол.

Қазір Қырғызстан соғыста Ресейді де, Украинаны да қолдамайды. Бейтарап саясат ұстанып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама