×

Басқарма басшысы Астанадағы қазақ және орыс мектептерінің білім сапасын салыстырды

Арадағы айырмашылық айтырлықтай емес

 Дәурен Ерболат 25.08.2023 | 13:09
фото: автор

Елордада орыс мектебіне қарағанда қазақ мектебінде сапалы білім беріледі. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы, Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астанада (орыс мектептерімен салыстырғанда, – автор) қазақ мектептерінде білім сапасы жоғары. Білім сапасындағы айырмашылық – 4%, - деді басқарма басшысы республикалық Тамыз кеңесінің кулуарында.

Журналист «Қазақ мектебінде білім сапасының жоғары болуы қазақ оқушыларының көп болуымен байланысты емес пе? Қоғамда орыс мектебі қазақ мектебіне қарағанда білім сапасы жоғары деген стереотип бар. Ол неге байланысты?» деп сұрағын нақтылады.

Жоқ, (білім сапасындағы айырмашылық – автор) оқушылар санына байланысты емес. Ол мұғалімдер мен оқыту сапасына байланысты. Мен ата-ананы баласын белгілі бір мектепке беруге мәжбүрлей алмаймын. Бұл – ата-ана мен оқушының таңдауы, - деп түйіндеді сөзін Қасымхан Сенғазыев.

Еске сала кетсек, бұған дейін ол Астанада 26 мың оқушыға орын жетпейтінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама