×

Тәліптер «шариғат бойынша» саяси партиялардың жұмысына тыйым салды

Бұған дейін «моральдық құлдырауға апаратын» музыкалық аспаптарды өртеп жіберген

 Еркеғали Болатұлы 17.08.2023 | 18:00
фото: eastasiaforum.org

«Талибан» ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстандағы саяси партияларға толығымен тыйым салғанын мәлімдеді.

Ондағы Әділет министрі Абдул Хаким Шараи саяси партиялар үшін шариғат негізі жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар Ауғанстан халқы партияларды қолдамайтынын мәлімдеп, «бұл тыйымның халық ұстанымына қайшы келмейтінін» растаған көрінеді.

Бұл шешім тәліптердің билікке келгеніне 2 жыл толуын атап өткеннен келесі күні қабылданған.

Айта кетсек, 2021 жылы тәліптер Ауғанстан билігін басып алғанға дейін елде 73 саяси партия болған. Дегенмен партия көшбасшыларының көбі елден кетіп қалған.

Одан бөлек, бұған дейін тәліптер «музыканы моральдық құлдырауға апарады» деп, мыңдаған доллар тұратын аспаптар мен жабдықтарды өртеп жіберген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама