×

Қазақстанға келуге келіскен Альварес Головкиннің жанкүйерлерінен қорқып отыр

Алматы немесе Астанада өтетін шара аясында «Канеломен» фан-митинг жоспарланған

 Еркеғали Болатұлы 04.08.2023 | 14:14
фото: meta-ratings.kz

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (59-2-2, 39 КО) Қазақстанға келуге келісімін берді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

33 жастағы мексикалық әлем чемпионы қазақстандық жанкүйерлерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кәсіпқой боксшыны алаңдататын жалғыз нәрсе – Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жанкүйерлерінің реакциясы.

Инсайдердің айтуынша, Алматы немесе Астанада өтетін шара аясында «Канеломен» фан-митинг жоспарланған. Мексикалықтың өзі келуге алдын ала келісімін берді, бірақ ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің теріс реакциясынан қорқады, - деп хабарлады сайт.

Еске сала кетсек, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жеткен еді. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі өткен жылдың күзінде болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама