×

Алматыда тұрғын үйлердің 70 пайызындағы лифтілер қауіпті - Ержан Игібаев

Өрт бола қалса, іші бірден түтінге толып, түгі қалмай жанып кетеді

 Еркеғали Болатұлы 03.08.2023 | 16:30
фото: ашық дереккөз

Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің 70 пайызындағы лифті талапқа сай емес. Бұл туралы «Қазақстан ұлттық лифтшілер қауымдастығы» ЗТБ мәлімдеді.

Мамандар ең қауіпті лифтілер ескі үйлер мен жаңадан салынып жатқан эконом санаттағы үйлерде екенін айтады. Мұндай тұрғын үйде өрт бола қалса, жеделсатылардың іші бірден түтінге толып, түгі қалмай жанып кету қаупі бар.

Соңғы талапқа сай, егер тұрғын үйдің ішінде өрт болса қалса, лифті лаулап жанып кетпеуі керек. Сол үшін де барлық үйлерде өртке төзімді лифті түрі орнатылуға тиіс. Бірақ көп құрылыс компаниясы бұл қауіпсіздік шарасын елемей отыр. Тек соңғы кездері комфорт санатты үйлерді салып жатқандар ғана өртке төзімді лифт орнатуда, - дейді «Қазақстан ұлттық лифтшілер қауымдастығы» ЗТБ президенті Ержан Игібаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама