×

Қырғызстан қателік жасады – Ресей Сыртқы істер министрлігі

Мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу – демократияға қайшы, - деді Лавров

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2023 | 15:35
Фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қырғызстанда күшіне енген мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қатысты пікір білдірді.

Қырғызстан қателік жасады. Барлық мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді міндеттеуі – демократияға қайшы. Мемлекеттік қызметкерлер қатарына қарапайым дәрігерлер, мұғалімдер мен басқа да мамандық иелері кіреді. Қырғызстан Конституциясында орыс тілінің ресми статусы бар. Біз қырғыз әріптестерімізге бірнеше рет ескерту жасадық, – деді ол.

Еске сала кетсек, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 шілдеде мемлекеттік қызметкерлерді қырғыз тілін білуге міндеттейтін заңға қол қойған еді.

Қырғызстан Парламентінің депутаттары биыл мамыр айында мақұлдаған заң бойынша, бұдан былай мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелерде қырғыз тілін қолдану міндетті саналады. Барлық мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, ұлттық банк қызметкерлері, күш құрылымдары, сот, прокуратура, адвокаттар, нотариустар, оқу орындарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері мемлекеттік тіл – қырғыз тілін білуге және қызмет міндетін орындау кезінде пайдалануға тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама