×

Биыл Астанада биыл 30-дан астам тұрғын үйдің құрылысы аяқталады

Біздің міндетіміз – тез арада үлескерлерге пәтер кілтін тапсыру, - деді қала әкімі

 Дастан Жұмабекұлы 21.07.2023 | 13:38
фото: Астана қаласының әкімдігі

Биыл жыл соңына дейін Астана қаласында ұзақ уақыт құрылысы бітпей қалған тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек «Қорғалжын кварталы», «Мирный дом», «Араби 2 – Гранитный 2», «Зере-2», «Арыстан», «Future Home», «Садовые кварталы», «Территория комфорта-1 2-кезек» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесуде айтты.

Кездесуде әкім аталған тұрғын үй кешендерінің құрылысын үлескерлермен бірге бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Құрылысы ұзаққа созылған ғимараттардың жағдайы әртүрлі. Бір жерінде үйдің тек жақтауы ғана бар болса, енді бір тұсында тек қазаншұңқыры ғана қазылған. Мәселен, «Арыстан» тұрғын үй кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған. Ал нысанды өткізу кезінде тек 20-30%-ы ғана дайын еді. «Садовые кварталы» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылса, нысанды өткізу кезінде іргетасы ғана болатын. Мыңдаған үлескер отбасы баспанасын күтіп жүр. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әр үй бойынша жоспарымыз бар. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – шамамен 4 мың үлескер отбасы. Олардың бір бөлігін аяқтадық, – деді Жеңіс Қасымбек.

Кездесуде үлескерлер абаттандыру, инженерлік желілер салу және басқа да мәселелерді көтереді.

Қала әкімінің айтуынша, әкімдік тарапынан мердігерлерге барынша көмек көрсетіледі. Үлескерлерді жалған уәдемен үміттендіруге жол берімейді.

Біздің міндетіміз – сақалды құрылысқа айналған тұрғын үй кешендерінің құрылысын тез аяқтау және үлескерлерге пәтер кілтін тапсыру, деді Жеңіс Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама