×

Бейбіт Шүменовтің әйелі Кэри АҚШ елшілігінен көмек сұрап отыр

Қазақстанның мемлекеттік органдарын «әрекет жасамады», «деректерді елемеді» деп айыптады

 Еркеғали Болатұлы 16.07.2023 | 12:45
фото: Joe Coomber

Астанадағы Mega Silkway сауда ойын-сауық орталығында жанжал шығарған кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты сыннан кейін оның әйелі АҚШ елшілігіне жүгінді.

Әйелі Кэридің (АҚШ азаматы) айтуынша, Бейбіт Шүменов өзін қорғау мүддесінде ғана әрекет еткен. Кэри өзінің «жанжалды ушықтырмас үшін бала көтерген ер адамнан кетуді өтінгенін» айтты.

Мен кетуін сұрап, бірнеше рет айғайладым... Бейбіт ол кісі ұстаған баланы бірде-бір рет ұрған жоқ, - дейді ол.

Айтуынша, ол «АҚШ-тағы ресми өкілдерден көмек сұрауға мәжбүр» болған. Тіпті, Қазақстанның мемлекеттік органдарын «әрекет жасамады» және «деректерді елемеді» деп айыптады.

Бұл ретте Кэри оқиға болған күні бөлімшедегі полиция қызметкерлері оған сыпайылық танытып, кәсіби түрде әрекет еткенін атап өтті. Бірақ содан кейін «органдар тарапынан немқұрайлылық» пайда болғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама