×

Көне түркілер қай тілде сөйлеген? – ғалымның жауабы (ВИДЕО)

Тарихшының өзі қазір 8 тіл біледі

 Халық үні 14.07.2023 | 17:17

Тарих ғылымдарының докторы, Гарвард университетінің профессоры, картограф Нұрлан Кенжеахметтің айтуынша, көне түркі тіліне ең жақыны – қазақ тілі.

Тарихы мыңжылдықтарға созылып, жойылмай келе жатқан тіл – талай ұлт пен ұлыстың тіліне айналды. Ғалымның айтуынша, түркітілділер ішінде қазақ тілінің ғана осы кезеңге қаймағы бұзылмай жеткені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бұған тіпті араб, парсы сөздерінің енуі де әсер ете алмаған.

Көне түркі тіліне қазіргі бар түркітілділер ішінде ең жақыны – қазақ тілі. Оған ешкімнің дауы жоқ, - деді Нұрлан Кенжеахмет «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында.

Тарихшының өзі қазір 8 тіл біледі. Саналы ғұмырын ғылымға арнаған тұлға ол тілдерді еңбек етіп жүргенде меңгерген. Ерекшелігі сол, Нұрлан Кенжеахмет – ғылыми ортада құрметке ие, көне тілді меңгерген аз ғалымдардың бірі. Соның ішінде көне түркі тілі де бар.

Көне түркі тілін Мәскеуге барғанда меңгердім. Игорь Кызласов деген түріктанушы бар, сол ғалымнан үйрендім. Одан кейін көне ұйғыр тілін меңгердім. Оны «Найман жазуы» деп те атайды, - деді Нұрлан Кенжеахмет.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама