×

Пригожин төрт күннен бері байланысқа шықпай жатыр

Өкінішке қарай, оның қайда екенін білмейді екенмін, - деді Лукашенко

 Дастан Жұмабекұлы 10.07.2023 | 14:10
фото: ашық дереккөз

«Вагнер» жеке әскери компаниясының құрылтайшысы әрі басшысы Евгений Пригожиннен төрт күннен бері ешқандай мәлімет жоқ. Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оның қайда екенін білмейтінін айтты. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.

Бізде оның қайда жүргені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Біз оның жүріс-түрысын бақылап отырған жоқпыз, – деді Песков.

Бұған дейін де Песков Пригожиннің қайда жүргеніне қатысты ақпарат бере алмайтынын айтқан еді. Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко Пригожинді белорус елінде деген мәліметті жоққа шығарып, оның Санкт-Петербургке кеткенін айтты.

Евгений Пригожин қайда дейсіздер ме? Қазір ол Питерде. Ал бүгін таңертең оның қайда болғанын, өкінішке қарай, мен білмейді екенмін. Мүмкін ертемен Мәскеуге кеткен шығар, - деді Лукашенко.

Сонымен бірге ол «Вагнер» жауынгерлерінің РФ территориясындағы өз лагерьлерінде қалғанын айтты.

Пригожин Беларусьта емес.  «Вагнер» жауынгерлері де біздің елде жоқ, – деді ол.

Еске сала кетек, «Вагнер» жеке әскери компаниясының кеңсесі Санкт-Петербургте орналасқан. Жақында оның үйі мен кеңсесіне тінту жасалып, қымбат дүниелер табылған болатын. Соның ішінде миллиондаған доллар мен жалған құжаттар, тіпті париктер де табылған еді.

Пригожиннің отбасы осы қалада тұрады.

Liberation басылымына сілтеме жасаған NEXTA Live Telegram-арнасының хабарлауынша, Пригожин шілденің бас кезінде Путинмен оңашада кездескен көрінеді. Кездесуге Росгвардияның басшысы Виктор Золотов пен Сыртқы барлау қызметінің жетекшісі Сергей Нарышкин де қатысты деген дерек бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама