×

«Бірге оқығанбыз»: Үсенбаева Батырхан Шүкенов туралы естелігін айтты

Ол – Төлеген Мұхамеджановтың «Мен сенімен кездестім» деген әнінің бірінші орындаушысы, - дейді

 Ая Өміртай 07.07.2023 | 18:08

Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева белгілі әнші Батырхан Шүкеновпен қатар оқыған кездері туралы айтып берді.

Біз Батырханмен консерваторияда бірге оқығанбыз. Бір курс жоғары оқыдым. Батырхан – керемет музыкант, адам ретінде керемет адам. Біз бірге саханаға шығып, дуэт орындағанбыз. Төлеген Мұхамеджановтың «Мен сенімен кездестім» деген әнінің бірінші орындаушысы. Авторлық кешінде тамаша орындап шыққан еді. Кейін ол әнді мен Сәкен Майғазиевтің ұсынысымен орындап шықтым. Сырбай Мәуленовтің сөзіне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың бұл әні Батырханның рухына арналды деуге де болады, – деді әнші Halyq Uni тілшісіне берген сұқбатында.

Сондай-ақ ол осы сұқбатында «Қазақстанның халық әртісі» атағының биылдан бастап қайта жалғасуы, Иманғали Тасмағамбетовпен 50 жылдық достығы туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев концерттеріне жиі келіп, өзін қолдап тұрған.

Пласидо Домингомен дуэт айттым. Кумирім Әлібек Дінішевпен бірге сахнаға шықтым. Ол кезде мен пианист, училищеде оқып жүрмін. Сол кезде Әлібек енді шыға бастағанда бәріміз ғашық болғанбыз. Біздің жатақханада суреті ілініп тұратын.

Мен де Әлібекпен бірге ән айтсам деп армандайтынмын. Арманым орындалып, сахнада мен Қыз Жібекті, ол Төлегеннің партиясын орындады», – деп жалғады әнші сөзін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама