×

«Майдан көрген Кемелдің ұлы мықты!» - Балтабек Нұрғалиев (ВИДЕО)

Қасиетті Балтабек бұлағынан су алуға болады, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 06.07.2023 | 17:30
фото: ашық дереккөз

Назарбаевтар әулеті мен билік өкілдеріне бірнеше ода мен арнайы кітап шығарып танылған жас ақын Балтабек Нұрғалиев бұл жолы елорданың 25 жылдық мерейтойына «Астана туралы толғау» атты 15 шумақ жыр арнады.

Астанадан табасыз ұлылықты,

Ұлылықтың жер-жаһан сырын ұқты.

Туын жықпай келеді Бостандықтың,

Майдан көрген Кемелдің ұлы мықты! - деп өлеңіне қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты да қоса кетуді жөн көрген екен.

Сондай-ақ ел-жұртты өзінің «әпенділігімен» аузына қаратқан ақын Ақтөбе-Астана тасжолы бойында жер астынан шығып жатқан судың «Қасиетті әулие Балтабек бұлағы» деп аталатынын сүйіншілеп, сол жерден видеоүндеу жасады.

Мен, міне, Ақтөбеден Астанаға аттанып бара жатырмын. Ақтөбе-Астана тасжолында аты жоқ бұлақ бар екен. Соны достарым «Қасиетті әулие Балтабек бұлағы» деп атаймыз деді. Міне, халық су алып жатыр. Достарымның осындай риясыз шын көңілдеріне, кеңдіктеріне көп рахмет айтамын. Қасиетті Балтабек бұлағынан су алуға болады, - деді ол.

Әрине, оны көрген көпшілік әдеттегідей бұл әрекетті әзілге жығып, қалжыңмен қағытып, тілмен түйреп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама