×

Павлодарда 140 млн теңгеге салған стадионның сау тамтығы жоқ

Кәсіпорын иелері әкімдіктің хаттарын елемей, жауап бермей жүр

 Еркеғали Болатұлы 06.07.2023 | 12:38
фото: baq.kz

Павлодар облысының Баянауыл ауданы Майқайың кентінде 140 млн теңгеге салынған «Металлург» стадионы қирап жатыр. Бұл туралы «Әділдік жолы» ҚБ өкілдері хабарлады.

Олардың айтуынша, спорт нысаны 3 жылдың ішінде мүшкіл күйге түскен.

Стадионды көріп, жағамызды ұстадық. Нысанды 2020 жылы Баянауыл ауданының нақты экономика секторы қолданысқа қабылдады. Қабылдау актісі бойынша нысан жобалық-сметалық, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттамаға сәйкес деп белгіленген. Бірақ қағаз жүзінде ғана, - дейді «Әділдік жолы» ҚБ облыс бойынша филиалының директоры Нұргүл Қайырденова.

Оның айтуынша, стадиондағы футбол алаңының жабындысы нашар. Жүгіру жолының жабындысы қираған. Ал торлы қоршау құлауға шақ тұр.

Оған қоса, ағаш трибуналардың орындықтары жоқ, цемент сылағы үгітіліп жатыр. Жарықтандыру да жоқ. Спортшыларға арналған киіну орны мүлде жұмыс істемейді. Техникалық спецификация бойынша мердігер ұйым беретін кепілдік берзімі – 60 ай. Сәйкесінше, «КазЕвроСтрой» ЖШС ақауларды жоюы керек. Бірақ кәсіпорын иелері әкімдіктің хаттарын елемей, жауап бермей жүр, - дейді Нұргүл Қайырденова.

Майқайың кентінің әкімдігі мәселенің барын жасырмайды. Олардың айтуынша, кемшіліктер биыл 20 шілдеге дейін жойылуы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама