×

Құмар ойындарының құрбандарын емдеуге кемінде 1 трлн теңге кетеді - Берденов (ВИДЕО)

Олардың қатарында оқушылар да көп

 Халық үні 01.07.2023 | 17:50

Елімізде жеңіл олжаның жетегінде кеткен құмарпаздардың нақты саны қанша? «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаты Руслан Берденов олардың мөлшерін жобалап жеткізді.

Депутат Парламент мінберінен букмекерлік орталықтар мен құмар ойындарға, олардың ашықтан-ашық жарнамаланып жатқанына көп мәрте қарсылық білдірген. Айтуынша, ондай отандастарымыздың қатары артпаса, сирейтін емес.

Қазір миллионға жақын ойыншы бар. Қатарында оқушылар да көп. Ол – біздің тәуелсіз сараптама, бірақ одан да көп болуы мүмкін. Сол миллионның 300 мыңын емдейтін болсақ, 1 триллион теңге кетеді, - дейді депутат.

Мәжілісменнің айтуынша, кейбірі оның айтқанын әдейі бұрмалап жеткізеді екен. Өзіне қарсы кампанияның жүріп жатуында букмекерлік орталық қожайындарының үлесі көп көрінеді.

Маған қарсы ақпараттық шабуылдар жүріп жатыр, жүре берсін. Мен осы жолға шығарда бәрін түсіндім. Өзіңіз ойлаңыз, 1 триллион теңге айналымы бар орталықтар көп және ол ресми ғана. Ал бейресми 3 триллион теңге шығар, ол дегеніміз – 7-7,5 миллиард доллар, - деді Берденов.

Депутат егер шынымен қаласақ, көптің санасын улап, отбасын ойрандап, қайыршы халге түсіріп жатқан орталықтарды жабуға болатынына сенімді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама