×

Парламентте оқу жылын қысқару ұсынылды

Оқуды 25 мамырда аяқтау туралы өтінішпен көптеген ұсыныс түсіп жатыр, - деді депутат

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2023 | 13:02
фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты ГауҺар Танашева оқу жылын 25 мамырда аяқтауға қатысты премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады.

Ол өз сауалында оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешім жұртшылық тарапынан қолдау таппай, оқу жылын 25 мамырда аяқтау туралы өтінішпен көптеген ұсыныс түсіп жатқанын, 31 мамырға дейін оқу бағдарламасының тіптен қарастырылмағанын айтты.

Оның айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» болсақ, ұйымдастырылып жатқан петициялар, сауалнамалар, білім саласының мамандарының және ата-аналар мен балалардың пікірлеріне көңіл бөліп, келесі оқу жылында осы мәселені мұқият қарастыру қажет.

Депутат өз сауалында оқу жылын 25 мамырға дейін қысқарту мәселесін қарастыруды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама