×

Канелоның ізбасары Головкинді тағы да жекпе-жекке шақырды

Не «иә», не «жоқ» демейді, – дейді ол

 Дастан Жұмабекұлы 02.06.2023 | 12:08
фото: ашық дереккөз

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) тағы да Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды.

Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді. Бірақ сол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық спортшыны айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді. 

Хайме Мунгияның айтуынша, ол Головкинмен немесе Чарломен қолғап түйістіргісі келеді.

Біздің менеджерлер осыларды көздеп отыр. Мен де олармен жұдырықтасуға қарсы емеспін. Чарло рингке екі жылдан бері шықпады. Ол әлі чемпион. Алдағы жоспары қандай екенін білмеймін. Мен онымен айқасуға дайынмын. Ал Головкин туралы айтсам,  біз онымен жекпе-жек бойынша хабарластық. Неге екені белгісіз, ол әлі жауап бермеді. Не иә, не жоқ демейді. Сол күйі үнсіз, – деді ол.

Сондай-ақ Мунгия Головкинмен кездессе, оны жеңетініне сенімді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама