×

Олжас Сүлейменов Тоқаевқа өтініш айтты

1980 жылы «Көшпенділер» еңбегі көре алмаушылардың кесірінен КСРО Лениндік сыйлығын ала алмаған

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2023 | 11:21
Фото: ашық дереккөз

Олжас Сүлейменов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазушы Ілияс Есенберлинге «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы өтініш айтты.

Өздеріңіз білесіздер, Ілияс Есенберлин коммунистік биліктің қиын-қыстау кезеңдерінде шын мәнінде азаматтық ерлік жасап, 20 жылдан астам тарихи шығармаларды, шежірелерді, халық эпостары мен аңыздарды зерттеп, «Көшпенділер» және «Алтын Орда» эпикалық трилогияларын жазды. Бұл туындылар қазақ ұлтының және бүкіл Қазақстан халқы тарихи болмысының жаңғыруына ықпал етіп, тарихи сана-сезімдерінің қайта жаңғыруына зор үлес қосты, – деп жазды әлеуметтік желіде Олжас Сүлейменов.  

Сонымен бірге, ол Есенберлиннің еңбектері бағаланбай, жазушы ешқандай марапат алмағанын айтты.

Айта кетсек, Ілияс Есенберлин 1915 жылы Атбасарда туған. 1983 жылы Алматыда қайтыс болған.

1980 жылы жазушының «Көшпенділер» еңбегі КСРО Лениндік сыйлығына ұсынылғанмен, Мәскеуге қаптап барған арыз-шағымдардың кесірінен бұл атақты ала алмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама