×

«Сендерге бара жатырмын». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Мен орта салмақтың королімін! – деді ол

 Еркеғали Болатұлы 14.05.2023 | 12:18
фото: ашық дереккөз

Бокстан WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) жеңгеннен кейін көпшілікке мәлімдеме жасады.

Еске сала кетсек, бүгін 12 раундқа есептелген кездесу 2-раунда аяқталған еді. Жәнібек қарсыласын екі рет нокдаунға, кейін нокаутқа жіберді. Осылайша, қазақстандық WBO чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды.

Чемпиондар мен супержұлдыздар, қайдасыңдар? Мен сендерге бара жатырмын. Жекпе-жекке шығайық. Мен орта салмақтың королімін! Келесі кім?!

Кез келген күні шығамын, тіпті ертең шығамын десеңдер де әзірмін. Кез келген салмақтағы кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын», - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама