×

«Баламен тұрмысқа шықпаңыздар!»: Айман Омарова әйелдерге үндеу жасады

Қоғамда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көптеген факторлары бар

 Еркеғали Болатұлы 10.05.2023 | 11:11
фото: Тимур Батыршин

Белгілі адвокат Айман Омарова Facebook-тегі парашасында баласы бар аналарға қайта тұрмысқа шықпауға кеңес берді.

Менің өмірімнің әр аптасы ер адамдар айыпталған соттарда, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істен басталады. Бірінші некеден балалары бар, қайта тұрмысқа шығайын деп жатқан аналарға ескертуім бар. Өкінішке қарай, әкелердің (өгей әкелер мен туған әкелердің) балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылығы артып келеді, - деді ол жазбасында.

Оның айтуынша, қазір біздің қоғамда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көптеген факторлары бар.

«Әйелдер! Баламен тұрмысқа шықпаңыздар! Сіз жауапты балалардың қауіпсіздігі кейбір ер адамның махаббатынан әлдеқайда маңызды», - деп түйіндеді сөзін құқық қорғаушы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама