Матчтан кейін демалыс болады деп ойлап, кетіп қалдым, - деді ол
Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубының басшылығына ескертпей, өз еркімен Сауд Арабиясына барғаны үшін командаластарынан кешірім сұрады.
Мен матчтан кейін әдеттегідей демалыс болады деп ойлаған едім. Мен бұл сапардан бас тартқым келмеді. Себебі, бұған дейін де ол жаққа бармай қалғанмын.
Командадағы әріптестерімнен кешірім сұраймын. Клуб маған қандай шаралар қабылдаса да бәне түсіністікпен қараймын, – деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, Лионель Месси Сауд Арабиясына кетіп қалғаны үшін екі аптаға ойындардан шеттетілген болатын. Ол сондай-ақ, жаттығудан да аластатылып, екі жұмаға төленетін айлығынан қағылды.
Енді аргентиналық футболшы Франция чемпионатындағы «Труа» (7 мамыр) мен «Аяччо» (13 мамыр) командаларына қарсы ойынға қатыспайды.
Ал Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубы Лионель Мессиге команда құрамында бір маусым ойнап беру үшін 400 млн доллар жалақы ұсынып отырған көрінеді.
Қазір Мессидің Сауд Арабиясы клубына ауысуы туралы мәселемен футболшының әкесі Хорхе Месси мен «Манчестер Сити» командасының экс-бас директоры Гарри Кук айналысуда.