×

Ресей қазақтың 1 гектар жерін 1050 теңгеге жалға алып отыр – депутат

Жайылым жерлер туралы заң қабылдану керек, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2023 | 14:16
фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев Ресей Қазақстанның 1 гектар жерін ұзақ уақыттан бері 1050 теңгеге жалға алып отырғанын айтты.

Ресей 1995 жылдан бері еліміздің 8,5 миллиона гектар жерін әскери сынақ алаңдарына пайдаланып келе жатқанын білесіздер. Бір гектар жерді 1050 теңгеге жалға береді екенбіз.  Бұл сома 2005 жылдан бері өзгерген жоқ. Оның арендасы қашан бітеді? Жерімізді Ресейге жалға кім берді? –  деп сауал тастады ол.

Депутаттың айтуынша, еліміз дүниежүзінде жер көлемі жағынан 9-орын алады. Алайда біздің ел күні бүгінге дейін ауылшаруашылығына пайдалы жерлерді тиімді пайдалана алмай келеді.

Осы ретте ол еліміздің барлық өңірінде адамдар шаруа қожалықтарын аша алмай, жайылымдық жерлер таппай жатқанын, осы проблеманы шешу үшін  алдағы уақытта жайылымдық жерлер туралы арнайы заң қабылдану керектігін атап өтті.

Бұл ретте Ресейдің Қазақстан жерлерін әскери сынақ алаңы үшін жалға алу мерзімі 2030 жылы қайта қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама